387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл соңына дейін 87 нысанды жекеге сату жоспарланды

  • 360
  • UPD: 15:00, 16.10.2018

Жекешелендіру барысында 440 мыңнан астам нысан сатылды. Нәтижесінде бюджетке 443 млрд теңге түсті.

Осылайша кешенді жоспардың 87 пайызы орындалып отыр. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Қаржы министрлігінің өкілдері мәлім етті. Министрлікке қарасты Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәліметінше, жекенің қолына өткен компаниялардың 173-і ұлттық компаниялардың активтері. Олар шамамен 163 млрд теңгеге бағаланған. Құзырлы орган жыл соңына дейін тағы 87 нысанды жекелендіруді жоспарлап отыр. 

Ғалымжан Ибраимов, ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының м.а:

- Жыл соңына дейін жекешелендірудің кешенді жоспары аяқталуы тиіс. Нәтижесінде жекенің қарамағына өткен нысандарға белгілі уақытқа дейін мемлекет тарапынан бақылау жүргізіледі. Бүгінге дейінгі  сатылған 440-тан астам нысан бар дедік. Соның 36 пайызы аукционда түрінде сатылды. Мұндай жағдай біз инвесторға мемлекет тарапынан ешқандай міндет қоя алмаймыз. Сәйкесінше, оны бақылауға алуға құзіретіміз жоқ. Ал қалған 64 пайызы тендер басқа да жолдармен сатылды. Бұл уақытта сату-сатып алу келісім шарты жасалады. Біз өзіміздің міндеттерімізді көрсетеміз. Ал инвестор белгілі уақыт ішінде талаптарды орындауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы