375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық банк алдындағы қарызынан құтылды

  • 276
  • UPD: 13:27, 25.12.2018
«Самұрық-Қазына» Ұлттық банк алдындағы қарызынан құтылды

«Самұрық-Қазына» Ұлттық банк алдындағы міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеп, 161,7 млрд теңге бағыттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қаржы көлемі «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының 15% акциясын сату есебінен түсті.

Еске салайық, 2018 жылдың қазан айында аталған компания акциясының бөлігін «Астана» халықаралық биржасы мен Лондон қор биржасында сәтті орналастырған болатын. Осылайша, «ҚазАтомӨнеркәсіп» халықаралық нарыққа шыққан тұңғыш ұлттық компанияға айналды. Бастапқыда займ екі бөлікпен 2013 және 2015 жылдары инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін алынған. Міндеттемелердің өтелуі тиісінше 2028 және 2035 жылдарға жоспарланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы