378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық жарықшамдар Латын Америкасына экспортталып жатыр

  • 350
  • UPD: 23:07, 21.02.2019

Алматы облысында орналасқан электрлік жарықтандыру құрылғыларын жасайтын зауыт өз өнімдерін Латын Америкасы елдеріне экспорттауда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті Панама республикасында өзінің филиалын ашып отыр.

2012 жылы Жамбыл ауданында ашылған кәсіпорын тұрмыстық, өндірістік, көше және кеңсе шамдарының алуан түрін шығарады. Өткен жылы зауыт 929 миллион теңгенің өнімін өндірген. «Оның басым бөлігі экспортқа жөнелтілді», – дейді кәсіпорын басшысы. 

Нұрмахан Мәдалиев, зауыт директорының орынбасары:

– Қазіргі таңда Латын Америкасына жіберіп жатырмыз. Гана, Араб мемлекетіне жібереміз. Одан кейін Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстанмен байланыс жасаймыз.

Зауыттың мақтанышы – сыммен кесетін резиондық станок. Бұл арқылы қалыңдығы 250 миллиметрге дейінгі кез келген темірден қалып пен штамп жасауға болады. Елде осындай екі станок болса, соның бірі осында. Тұтынушылар лед шамдардың сыртқы түріне де ерекше мән береді. Қазір оюы бар жарықшамдарға сұраныс жоғары екен. Неше түрлі өрнектер лазердің көмегімен кесіліп жасалады.

Дәулет Мұхамеди, зауыттың инженер-конструкторы:

– Екі қосымша компьютермен басқарылады. Біреуі – аппараттың өзіндегі компьютер. Яғни аппараттың жұмыс істеуін қадағалайды. Ал екіншісі бізде сызым арқылы. Яғни керекті нәрсемізді сызып аламыз. Оны біз аппаратқа танытуымыз керек. Яғни шкаф болса, шкафтың әртүрлі бөлшектері болады. Соны біз екінші компьютер арқылы сызып аламыз да, оны жикод түрінде компьютерге енгіземіз.

Кәсіпорында 150 адам жұмыс істейді. Жаз келіп, құрылыс қарқын алған соң олардың саны 250 адамға дейін ұлғаяды. Ал алыстан келетін қызметкерлерге жатақхана беріледі. 

Гүлнәр Омарова, жұмысшы:

– Қасымбек ауылында тұрамын. Жұмыс ұнайды. Алтыншы жыл істеп жатырмыз.

Бұл салада да сән, тренд деген ұғымдар бар. Сұранысқа сай бұйым жасап, бәсекеден ұтылмас үшін зауыт басшылығы әлемдік нарықтағы жаңалықтарды қалт жібермеуге тырысады.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы