388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадридте Қазақстан-Испания іскерлік форумы өтті

  • 521
  • UPD: 12:44, 24.03.2019

Мадридте жетекші компаниялардың қатысуымен Қазақстан-Испания бизнес-форумы өтті. Жиында екіжақты қарым-қатынастың басым бағыттары талқыланды.

Кездесуде Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев бастап барған делегация еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. 

Испания мен Қазақстанның арасы 7 мың шақырымдай. Қашықтыққа қарамастан испан бизнесмендері елімізде өз кәсіптерін табысты әрі жүйелі жүргізіп келеді. Қазақстандық нарыққа талпынған кәсіпкерлердің қарасы мол. Форумға корольдіктің 60 ірі компаниясы арнайы келді.

Шиана Мендес, Испанияның сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы:

- Форум екіжақты байланысты дамытуға бағытталған. Ынтымақтастықты одан әрі дамытатын салалар жетіп артылады. Сондықтан осындай шараларды қолдаймыз. Форумда Қазақстанның сауда-инвестициялық мүмкіндіктерін танып біліп, келешек әріптестігімізді талқыладық.

Испания компаниялары ауыл шаруашылығы, баламалы энергетика, көлік жасау, химия өндірісі саласында озық тәжірибеге ие. Бұл салалар Қазақстан үшін де маңызды. Сондықтан қос тарап осы бағытқа  бас мән бермек. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту да жоспарда бар. 

Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Бізде инвестиция тарту бойынша басты елдер анықталған. Олардың қатарында Испания бар. Бұл елдің компаниялары түрлі салада жұмыс істеп жатыр. Жалпы Испанияда киім тігумен айналысатын әлемдік деңгейдегі бірлестіктер өте көп. Олардың елімізде де жұмыс істеуін қалар едік. 

Қазақстандық делегация испан әріптестерімен болашақ жоспар жайын пысықтады. Басқосуда жергілікті компанияларды көптеп тарту үшін еліміздегі испандық бірлестіктердің тәжірибесі таныстырылды.

КонстантиН Жигалов, Қазақстанның Испаниядағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Қазақстанда әлемдік танымал компаниялар жұмыс істейді. Мысалға, «Тальго» немесе «Эйрбас» бірлестігін алайық. Оларрды бәрі біледі. Қазақстан соңғысының 8 ұшақ сатып алды. Тағы 9 әуе кемесін алуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Испания стратегиялық әріптес елдер. Тараптар байланыс көкжиегін кеңейтуді мақсат етеді. Қазір екі ел арасындағы сауда айналымы 2 миллиард еуродан асты. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 30 ппроцентке артық.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Хабар 24 телеарнасы