389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 4,7 млн гектар жерге егін егу жоспарланып отыр

  • 588
  • UPD: 07:25, 09.04.2019
Ақмола облысында 4,7 млн гектар жерге егін егу жоспарланып отыр

Ақмола облысында егін науқаны мамыр айында басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір аталған кезеңге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Димаш Таласбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір егін егуге қажетті техника жан-жақты тексеріліп, істен шыққандары жөнделуде. Жалпы облыс аумағында биыл 4,7 миллион гектар жерге егін егу жоспарланып отыр. 4,3 миллион гектарға дәнді дақыл, ал 250 мың гектар жерге майлы дақыл егіледі. Бұдан бөлек, әдеттегідей картоп, күнбағыс және көкөніс отырғызу көзделіп отыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, облыс көктемгі егін науқанына толығымен дайын.

Димаш Таласбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а:

– Көктемгі егін жұмыстарына Үкімет тарапынан облысқа 65 мың тонна мөлшерінде дизель отыны бөлінді. Оның тоннасы – 193 мың теңге. Ал аудандардағы тұтынушылар – яғни шаруалар не болмаса өзге де тауар өндірушілер оның 1 литрін 183 теңгеден сатып ала алады. Облыс көктемгі егін науқанына толығымен дайын деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы