379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық экономика министрі: Бизнесті субсидиялауға 13 млрд теңгеге жуық қаржы қажет

  • 102
  • UPD: 21:02, 16.04.2019

Елдегі бизнесті субсидиялауға 13 миллиард теңгеге жуық қаржы қажет.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының жиынында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Оның айтуынша, кәсіпкерлерді қаржыландыру мәселесі өткір тұр. Қазіргі уақытта бұл жайтты шешу үшін бірқатар шара пысықталып жатыр. Мәселен, облыс әкімдіктеріне жергілікті бюджеттен қаражат табу жағы тапсырылды. Жалпы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қолдауға 210 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Осы уақыт ішінде 13 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісіне қаржылай қолдау көрсетілді. Жоба 3,3 трлн теңгенің өнімін өндіруге мүміндік берді. Сондай-ақ жыл сайын 10 мыңнан артық жұмыс орны ашылып, 20 мың азамат кәсіпкерліктің қыр-сырын оқытатын курстардан өтті. 

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Біз кәсіпкерлікті дамытуға не кедергі екенін білеміз. Саладағы мән-жайға қанықпыз деп айта аламын. Бизнесті субсидиялау үшін 12,7 млрд теңге қажет. Бұл қаражат кәсіпкерлерге керек. Біз қаржыландырудың екі жолын ұсынып отырмыз. Алғашқысы жергілікті бюджетпен бірлесіп қаржыландыру, ал екіншісі жетпейтін соманы республикалық бюджетті нақтылау кезінде жоспарлауға тиіспіз.

Мәулен Әшімбаев, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Елбасының тапсырмасын орындау бағытындағы нақты қадам деп қабылдаңыздар. Көп салалардың дамуы, үрдістер кәсіпкерлікті дамытуға байланысты екені белгілі. Бұл салада Елбасының тапсырмасымен қыруар шаруа жасалғаны белгілі. Дегенмен шешілмешен мәселелер де бар екені жасырын емес.

Хабар 24 телеарнасы