379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бір белдеу, бір жол»: Қазақстан мен Ресей арасындағы іскерлік байланыс кеңейе түседі

  • 113
  • UPD: 10:43, 25.04.2019

Мәскеу үкіметінде Қазақстан мен Ресейдің бизнес серіктестігі саласына арналған іскерлік жиын өтті.

Басқосуда Қазақстанда бірлескен өнеркәсіп құру, өндірісті жемісті дамыту мәселесі және екіжақты сауда перспективалары талқыланды. Жалпы, Ресей – Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одағындағы ең ірі сауда серіктесі. Өткен жылы оның көлемі 18 миллиард долларды құрады. Қазір ол 20 пайыз. Басқосуға қатысушылар «Бір белдеу, бір жол» жобасы Қазақстан мен Ресей арасындағы іскерлік байланысты кеңейте түседі деген пікірде.

Аркадий Амелин, «Инвестициялық Ресей» РБҚ вице-президенті:

- Егер Қытай мен Еуропаны қосатын осы көлік дәлізін тиімді пайдалансақ, барлық тараптар да ұтылмайтын еді. Себебі ол ең қысқа, қолайлы, әрі жүкті жылдам жеткізуге ыңғайлы. Яғни экономикалық жағынан да ұтымды.

Хабар 24 телеарнасы