379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан жібек матасын ұлттық брендке айналдырмақ

  • 221
  • UPD: 10:46, 25.04.2019

Қазақ-өзбек шекарасынан құрылатын «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық кешені Ұлы Жібек жолының жана тынысын ашады.

«Қазақстан Президентінің бастамасымен қолға алған жоба өзара сауда-саттықпен қатар экономиканың ілгерілеуіне негіз бола алады», – дейді оңтүстіктегі көршілеріміз. Өйткені кешен қазақ-қытай шекара аймағындағы сауда орталығынан кейінгі үлкен құрылым болмақ. Оған қоса Батыс пен Шығысты жалғайтын кешен болуы әбден мүмкін.

Шартарапқа өзінің жеміс-жидегімен танымал Өзбекстан енді жібек матасын ұлттық брендке айналдырмақ. Кәсіптің осы түрімен айналысамын деген азаматтарға мемлекет қолдау көрсетіп жатыр. Елдегі бизнеске деген қамқорлықтың арқасында биылғы жылдың алғашқы тоқсанында жалпы ішкі өнім 5,3 пайызға артқан. Экспорттың әлеуетін арттыруды көздеп отырған оңтүстіктегі көршілеріміз үшін шекарадан ашылатын халықаралық сауда орталығы отандық өнімдерін көрші елдің нарығына шығаруға жол ашады.

Қазақстан Президенті ұсынған жоба қос елге де тиімді. Оған қоса нарық көкжиегі кеңейеді. Батыста алып Ресей жатыр. Ал Шығыс Еуропаға жақын. Арада дауы басылмаған Ауғанстан бар. Қалай десек те сауда-саттықтың экономикаға ықпалы зор. «Осы тұрғыдан алып қарағанда халықаралық орталықтың беребі мол», – дейді өзбекстандық депутат.

Расул Кушербаев, Өзбекстан Республикасы олий мәжілісінің заң шығару палатасының депутаты:

- Ортаға тасталған, шешімін күткен мәселелер өте үлкен. Сонықтан екі елдің ортасындағы сауда-саттықты әрі экономикалық жұмыстарды бес миллиард долларға дейін жеткізу белгіленіп отыр. Сондықтан Ұлы Жібек жолы да бұл істерді жақсылықпен өте бір жоғары деңгейде орындауға өзінің көмегін береді деп ойлаймыз.

Өзара бірлескен экономикалық жоба Ұлы Жібек жолы бойындағы елдер арасында барыс-келісті жақсартып, экспорт әлеуетін арттырады. Өзбекстан отандық өнім түрлерін шетке көптеп шығаруды мықтап қолға алды. Бұл бағытта арнайы бағдарлама да қабылданды. Ол нәтиже бере бастады. Оған қоса көршілер туризмді экономиканың қозғаушы күшіне айналдырмақ. Шығыс маржандары саналатын Самарқанд пен Бұқара, Хиуа мен Қоқан қалаларының инфрақұрылымы жақсарды. Ал қос ел бірлесіп туризм кластерін құру бастамасы экономиканың негізгі драйвері болмақ. «Бұл ретте Қазақстан ұсынған ортақ виза жобасының берері мол», – дейді мамандар.

Жамшид Пирматов, Өзбекстан Республикасы олий мәжілісі заң шығару палатасының депутаты:

- Өзбекстан мен Қазақстанда туризм кластерін дамыту мәселесі өзекті болып тұр. Мысал ретінде айтатын болсақ, Қазақстанға қыдырып келген саяхатшылар біздің елде, тиісінше Өзбекстанға келген туристер көрші елде емін-еркін жүру құқына ие болады. Бұл жобаны Қазақстан мен Өзбекстан ғана емес, келешекте басқа мемлекеттермен бірлесіп жүзеге асыратын болсақ, онда бұл тұтастай Орталық Азиядағы туризмнің дамуына мүмкіндіктер ашып береді.

Өзбекстанда биылғы жыл Инвестицияны қолдау жылы деп жарияланды. Шетелдік капитал көптеп тартылып жатыр. Қалай десек те соңғы жылдары екі ел арасында экономикалық және гуманитарлық саладағы байланыстың жаңа жобасы қалыптасты. Енді бірлесіп Жол картасын әзірлемек. Соның арқасында экономикалық ынтымақтастық, сауда, трансшекаралық байланыс, туризм, көлік және мәдениет саласындағы жобалар жүйелі жалғасатын болады. Осылайша Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық бойынша да Ұлы Жібек жолы бойындағы көшбасшы елге айналмақ.

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Тимур Исмаилов

Хабар 24 телеарнасы