389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Поляктар Сарыарқада саяхаттауға асық

  • 386
  • UPD: 15:35, 10.05.2019

Бүгінде мұндай ондаған компания бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туризм саласының сарапшылары: «екі арадағы визасыз қатынау режимі енгізіліп, әуе рейстерінің ашылуы туризм саласында серпін беріп отыр», – дейді. Сондай-ақ табысты өткен EXPO көрмесі де Қазақстанның беделінің өсуіне септігін тигізген. «Қазақ туризм» компаниясының мәліметінше, өткен жылдың 9 айында елімізге 13 293 поляк турисі келген. Бұл 2017 жылғы дәл осы мерзімімен салыстырғанда 20% артық. Польшаның туристік палатасы Қазақстан ел азаматтары демалысын өткізуді ұнататын 10 елдің қатарында тұрғанын ерекше атап өтті. Қазақстанда болған поляктар осында қайта оралғысы келетінін жасырмайды. Саяхатшыларды Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және әсем табиғатымыз қызықтырып жүр. Көбісі тауға көтерілу мен кең-байтақ далада атқа мініп жүру үшін келеді.

Дариуш Войталь, Польша туристік палатасының вице-президенті:

- Қазақстан туристеріміз үшін қызық бағыт екеніне күмәніміз жоқ. Мәселен, жақында жергілікті дәстүрлермен танысқысы келген бір топ бизнесменді жібергенбіз. Олар киіз үйде тұрып, ұлттық тағамдардан дәм татқан. Қазақтар – өте қонақжай халық. Осындай саяхаттардан жұрт қатты әсер алып оралады. Өзім де ЭКСПО-да болғанмын, елдеріңізде түрлі тілде сөйлейтін кәсіби гидтер мен жақсы дамыған қонақ үйлер жүйесі бар екенім атағым келеді. Туристік әлеуеттеріңіз зор, бірақ аймақтарыңызды көбірек жарнамалау қажет деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы