387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында ауыл жұрты «Бастау Бизнес» бастамаларын жүзеге асырып жатыр

  • 408
  • UPD: 08:47, 11.05.2019

Ауыл азаматтары «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы жеке бастамаларын жүзеге асырып жатыр. 

Павлодар облысының Заря ауылында мемлекетік грантпен шағын бизнес ашқан кәсіпкердің болашаққа жоспары көп. Ауыл тұрғыны пайдалы істің көзін тауып отыр.

Абайсызда аяғын шалт басқан Қайрат Айғожинов бүгінде жеке кәсіпкер атанған.Түзету мекемесінде жүріп дәнекерлеу ісін меңгерген ол бостандыққа шыға сала өз кәсібін ашуға бел буыпты. Ойға алған ісін жүзеге асыруға пробация қызметі қолдау көрсетті. Құжаттарын жинап 250 мың теңге  грантқа   дәнекерлеу құрылғысын, өзге  де  қажетті материалдарын  сатып алыпты

Қайрат Айғожинов, жеке кәсіпкер:

- Менде екі станок тұр. Кірпіш шығарып көрсем деймін. Өйткені ауылда сұраныс жоғары. Қосымша  жұмыс орындарын да  ашар едім.

Жұмысты жүргізу жалғыз адамға оңай емес. Сондықтан көмекші алуға шешім қабылдапты. Пробация қызметімен ақылдаса келе тіркеуде тұрған ауылдасын жұмысқа алуды жөн көрген.

Берік Рахымов, Павлодар ауданы пробация қызметінің басшысы:

- Қайрат Айғожинов бүгінгі күні өзінің жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Жоба бойынша пробацияда тіркелген Шамиль Елченконы ресми түрде жұмысқа алды.

Ауыл тұрғыны  кәсіпкерлікпен айналысудың тиімділігіне көз жеткізген. Енді қаржы жинап пайдалы істі ары қарай дамыту жағын ойластырып жатыр. 

Наталья Кузят, Павлодар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі:

- Ол келесі жылы кәсібін кеңейту үшін тағы да несие алуды жоспарлап отыр. Дәнекерлеу жұмысымен шектелгісі келмейді. Мал бағып, пайдасын көрсем дейді.

«Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы Павлодар ауданында жүзден астам адам жеке кәсіп ашқан. Тағы 32 жоба қаралу үстінде.Биылғы жылы оларды қаржыландыруға мемлекеттен 145 миллион теңгедан астам қаржы  бөлінеді.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы