378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кристин Лагард Нұр-Сұлтан қаласына келеді

  • 98
  • UPD: 14:10, 11.05.2019
Кристин Лагард Нұр-Сұлтан қаласына келеді

Халықаралық валюта қорының Басқарушы директоры Кристин Лагард 16 мамырда Астана экономикалық форумының және «Инклюзивті өсуге арналған экономикалық саясат шаралары» тақырыбындағы Өңірлік дөңгелек үстелдің жұмысына қатысу үшін Қазақстанға сапармен келеді. 

ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, дөңгелек үстелдің жұмысына Премьер-министр А.Мамин, ҚР Ұлттық банктің төрағасы Е.Досаев, Кавказ бен Орталық Азия өңірі елдерінің, Моңғолияның және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық банктерінің басшылары және қаржы министрлері, Қазақстанның астанасында аккредиттелген халықаралық қаржы ұйымдарының және елшіліктердің өкілдері қатысады. Сондай-ақ Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығының (ОАӨЭЫ) бастамасын қолдайтын елдер өкілдерінің қатысады. Жиында ағымдағы экономикалық аухал мәселелерін талқылау, өңір елдерінің орнықты және инклюзивтік экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау жоспарланып отыр. Дөңгелек үстелдің қатысушылары мынадай мәселелер бойынша пікір алмасады. Олар Қаржы секторын қалай нығайту керек және қаржы ресурстарының жеткілікті қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін банктердің бизнес-модельдерін қалай өзгерту керек, жеке сектордың қызметін ынталандыру, экономиканы әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын құру үшін іскерлік ахуалды қалай жақсарту керек, басқару жүйесін қалай жетілдіру және мемлекеттік органдардың әкімшілік тиімділігін қалай арттыру керек. Іс-шара аяқталғаннан кейін ХВҚ басқарушы директорының Қазақстанның және шетелдің бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингі өтеді.  

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы