378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана экономикалық форумы – жаһандық сын-қатерлерге төтеп беретін тиімді алаң

  • 83
  • UPD: 20:29, 16.05.2019

Қазақстан – әлемдегі сауда соғысына тоқтау салуы мүмкін.

Елорда төрінде шымылдығын түрген Астана экономикалық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев араздасқан тараптарды ымыраға шақырып, келіссөз алаңы ретінде бас шаһарды ұсынды. Тұңғыш Президенттің жаһан жұртына ой салған бастамалары бір бұл емес.

Еңбек адамы – ел тірегі, экономиканың қозғаушы күші. Кез келген мемлекеттің әлеуеті халық санымен емес, ондағы қызмет қылатын адамдардың көптігімен өлшенеді. Биылғы Астана экономикалық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыны айтты. Тұңғыш Президент сауда соғысы өршіп, елдерді қаржы дағдарысы қыспаққа алғанда, жұмыссыз қалғандардың қарасы да көбейді деді. Ал бұл экономиканың шатқаяқтауына түрткі болып отыр. Сондықтан қызметке қабілетті адамдардың санын мейлінше сиретпеу қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Увеличение численности населения перестает играть ключевую роль в росте национальных экономик, а основным драйвером становится производительность труда. За последние 50 лет только треть ежегодного роста ВВП в развитых государствах была получена за счет естественного прироста населения и увеличения количества трудоспособного возраста. Остальная была получена именно за счет роста производительности труда. Мировые эксперты уверены, что те страны, которые смогут кардинально повысить этот показатель, будут конкурентоспособны в текущем столетии. Между тем, на сегодня потенциал роста производительности может составлять не менее 2% в год в течение следующего десятилетия. Из них порядка 60% возможностей повышения производительности приходится на цифровые технологии.

Нұрсұлтан Назарбаев цифрлық технологияны бұл жолы да тілге тиек етті. Тегін емес. Өйткені, өндірісті өркендететін де – осы қадам. Дамыған елдер дәстүрлі экономиканы жаңа тәсілдермен түрлендіре білді. Олар тың дүние ойлап тапты. Сол арқылы елдің әлеуетін өсірді. Мерейін үстем етті. Алпауыт мемлекеттердің бұл мысалы өзгелерге үлгі болса керек-ті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Цифровые преобразования меняют облик привычной нам экономики. Глобальный экономический ландшафт сегодня определяется высокотехнологичными компаниями. К примеру, ТОП-5 компаний, по рыночной стоимости, представляют технологические гиганты (Apple, Google, Microsoft, Amazon и Tencent), которые вытесняют традиционные промышленные и инвестиционные корпорации. Их совокупная стоимость составляет порядка 3,5 триллионов долларов, что сопоставимо с ВВП некоторых развитых государств. Так, например, ВВП Германии составляет около 3,6 триллионов долларов. Проникновение новых технологий в сферу традиционной торговли значительно повысили ее эффективность. Так, согласно прогнозам, при отсутствии негативных факторов (торговых войн), потенциал мировой торговли благодаря цифровизации составит около 2% ежегодного роста к 2030 году.

Цифрлық технологияларды меңгеру үшін адам капиталы қажет. Білімді ұрпақ кенжелеп қалған салалардың еңсесін тіктей алады. Ұйыған ұлтты ұшпаққа шығарады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2030 жылы әлемдегі 300 миллионнан аса адамның мамандық ауыстыратына бек сенеді. Өйткені, қазір қажет көрінген кейбір сала таяуда түкке тұрғысыз дүние болып қалуы әбден мүмкін. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– К 2030 году порядка 375-ти миллионам человек по всему миру, а это около 14% глобальной рабочей силы, потребуется пройти переобучение и сменить профессию. Кроме того, внедрение новых технологий делает некоторые специальности невостребованными и в то же время ведёт к появлению новых профессий. Даже в странах с низким и средним уровнем дохода многие люди работают по специальностям, о которых тридцать лет назад мы не слышали.

Білімін ұштауға ұмтылған адам – сөзсіз ірі орталықтарға ағылады. Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Елбасы бұл жайтты да қамтып өтті. Нұрсұлтан Назарбаев урбанизацияның үдеу қарқыны енді бәсеңдемейді деді. Қазірдің өзінде жер шарындағы 4 миллиардқа жуық адам қалаларда тұрады, қамсыз қарекет етеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Ожидается, что к 2050 году, городское население более чем удвоится, и тогда 7 из 10 человек в мире будут горожанами. Инвестиции теперь приходят не в страны, а в города. Уже сейчас там генерируется более 80% мирового ВВП, а урбанизация может способствовать устойчивому росту, если она происходит за счет повышения производительности и внедрения инноваций. Казахстан также развивается в русле общемирового тренда урбанизации. Наши крупные города продолжают прирастать. Они станут точками роста, и как магнит будут притягивать людей, знания и технологии.

Қазақстан бұл үдерістен қалыс қалмайды. Қазірдің өзінде қалаға үдере көшіп жатқандардың қатары көбейіп келеді. Елдегі тұрғындардың 40 проценті ауылдарда тұрғанымен, олардың тең жартысы ірі орталықтарға келіп жұмыс істейді. Сондықтан Тұңғыш Президент еліміздегі мегаполистер саны әлі де артады деді. Сарабдал саясаткердің бұл пайымы шараға қатысқан сақа сарапшылардың ойымен ұштасып-ақ жатыр. Арасында хәкім Абайдың көпке тараған тәмсілін негіз еткендері де бар. Олар «ақырын жүріп, аңдап бастың» астарында үлкен мағына жатқанын айтады.

Кристин Лагард, халықаралық валюта қорының басқарушы директоры:

– Алдағы жарты жылда әлемдік жалпы ішкі өнімнің көрсеткіші бірте жақсара бастайды. Қазір 3,3 деңгейінде болса, кейін 3,6 межесіне дейін ілгерілеуі мүмкін. Сарапшылар осындай болжам жасап отыр. Сондықтан біз сол қарқынды үдетіп қана қоймай, тұрақты сақтап қалуымыз қажет. Ол үшін ақырын жүріп, аңдап басқан абзал. Қазақстан осы жолмен жүріп келеді.

Тұрақтылық барда – даму бар. Осымен 12-рет өтіп отырған Астана экономикалық форумында Елбасы кез келген кикілжіңнің кежегені кейін тартатынын айтты. Сондықтан алпауыттар арасындағы қайшылықтарды ымырамен шешуді ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Как я предлагал недавно на втором Форуме «Один пояс, один путь» в Пекине, устойчивую глобальную архитектуру можно воздвигнуть на базе «Трёх Д» – «Трех диалогов». Первый – между США, Россией, Китаем и Европейским Союзом. Это крупнейшие экономики, от которых зависит судьбы человечества. Второй – на уровне Евразии с объединением потенциалов Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии и Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе. И третий – это инвестиционный диалог между ЕАЭС, Евросоюзом, ШОС и АСЕАН. Как вы знаете, Казахстан не раз служил эффективной платформой для переговорных процессов по различным проблемам. В столице прошли первый в столетии саммит ОБСЕ, Исламских государств, саммит Лидеров мировых и традиционных религий. Астанинский экономический форум и моя инициатива G-Global могут стать площадкой для таких диалогов.

Бейбіт елге бақ та қонады, ырыс та кетпейді. Тоқтамға келу арқылы көңілдегі күпті ойларды сейілтуге болады. Нұрсұлтан Назарбаев осылайша азулы алпауыттарды араздықтан арылтатын жолды атады. Шала бүлінгендер дара шаппай, бір бағытты бетке алар.

Астана экономикалық форумы – жаһандық сын-қатерлерге төтеп беретін тиімді алаңға айнала білді. Әлемтапырақ күй кешуден ада етіп, адымды алшаңдатуға мүмкіндік берді. Бағыт айқын, бағдар дұрыс. Бастысы – сауда соғысын өршіткен санкциялардан арылып, диалог орнатуға ұмтылу керек. Бүгінгі форумда өз сөзін осылай түйіндеген Елбасы жарқын болашаққа беттеудің жолдары жыл сайын түрленіп жатқанын айтты. Сондықтан сол трендтерден қалыс қалмау қажет. Өйткені көшке ілескен ел ғана қарымды қажетінше қарыштата алады.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Ержан Қанапияұлы

Хабар 24 телеарнасы