389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіпкерлікті қолдау бойынша жаңа бағдарлама жасалады

  • 601
  • UPD: 13:39, 22.05.2019
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша жаңа бағдарлама жасалады

Елімізде шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа бағдарламасы жасалады.

Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесіп жобасын жасап жатыр. Ол «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жалғасы іспетті. Естеріңізде болса, бастапқы бағдарлама аясында 13 мыңнан астам жоба іске асқан. Жүздеген кәсіпкер жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін бастаған. Олардың көбі ауыл кәсіпкерлері. Бизнес өкілдеріне берілген несиені субсидиялау мақсатында 175 млрд теңге бөлінген. Бұл бағдарламаның тиімді тұсы, кәсіпкерлік нысандарына қажетті инфрақұрылымды жүргізуге мемлекеттен жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы