383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық экономистер Мәскеумен еуразиялық интеграцияны талқылады

  • 85
  • UPD: 12:08, 29.05.2019
Елордалық экономистер Мәскеумен еуразиялық интеграцияны талқылады

Мәскеу мен Нұр-Сұлтан қалаларының экономистері жуырда өткен видеокөпірде Қазақстан-Ресей өзара әрекеттестігіндегі басым бағыттары мен еуразиялық интеграцияның даму болашағын талқылады.

Әсіресе Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы ішкі саудадағы кедергілер мен шектеулер пысықталды. Одақтың басты мақсаты (постулат) - тауар, қызмет, капитал мен жұмыс күштерінің еркін қозғалысы болды. Ал шешімін таппаған сұрақтар  «Ақ кітап» деп аталатын ЕАЭО-тың ішкі нарығындағы кедергілердің келісілген тізбесіне енгізілді. Одақтың жол картасында алдағы жылы 30-дан астам жұмыс атқарылуы тиіс.

Александр Гусев, стратегиялық жоспарлау мен болжау институтының директоры:

- Бұл бір-бірімізге тауар мен қызмет түрін ұсынып отырған жұмыспен салыстырғанда енгізілген 60 немесе 72 шектеу өте аз. Бастапқы кезде туған қиындықтарды оңай еңсеретінімізге күмәнім жоқ. Ең бастысы интеграцияның болашағы зор.

Хабар 24 телеарнасы