384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 500-ге жуық шағын және орта бизнес нысаны тексерілді

  • 287
  • UPD: 13:52, 30.05.2019
СҚО-да 500-ге жуық шағын және орта бизнес нысаны тексерілді

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Прокурорлар өңірде 500-ге жуық шағын және орта бизнес нысанында арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде оның 103-інен өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Олардың басым бөлігі - ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындар. Яғни бұлардың барлығы электр энергиясын дамыту және энергия үнемдеу институты қалыптастырған реестрге еш есептеусіз, заңсыз енгізілген. Соның салдарынан бизнесмендер қымбат тұратын энергия аудитін жүргізуге мәжбүр болған. Іске құзырлы органдардың араласуының арқасында 100-ден астам кәсіпкер аталған тізімнен шығарылды. Ал бұл өндіріс ошақтарында төрт мыңнан астам адам еңбек еткен.

Қазбек Ғалымжан, облыстық прокуратура басқармасының прокуроры:

- Кәсіпкерлер заң жүзінде жылына мың жарым тоннадан аса отын пайдалануы қажет еді. Бірақ заң жүзінде бұл саналмаған. Сол себепті осы мемлекеттік және энергетикалық тізілімге заңсыз енгізілген болып саналды. Жалпы соңғы жылы облыс прокуратурасымен 40 млн теңгеден астам сомаға шығын және бір мыңнан астам кәсіпкерлердің құқығы бұзылудың жолы кесілді.

Хабар 24 телеарнасы