384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында құс фабрикасы ұзақ уақыт бойы субсидиядан қағылып келеді

  • 164
  • UPD: 21:29, 20.06.2019

Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы шаруаларға мемлекеттен бөлінетін қолдау қаржының 800 миллион теңгесін игермей, қазынаға кері қайтарған.

Осының салдарынан облыстағы бірнеше кәсіпкер қаражаттан құр қалды.

Өңірдегі қос бірдей құс фабрикасы да бірнеше жылдан бері субсидия ала алмай келеді. Осындай олқылықтар болмас үшін ауылшаруашылығы министрлігі жаңа жылдан бастап субсидия төлеудің элктронды әдісін енгізді. 

Облыстағы іргелі құс шаруашылығы саналатын «Алмалықұс» фабрикасы жылына 90 миллион дана жұмыртқа өндіреді. Бұл-облыстың құс өнімдеріне деген қажетін толықтай жаба алады деген сөз. Осыдан 7 жыл бұрын құрылған шаруашылық қазір қанатын кеңге жайып, өнімдерін көрші облыстарға шығара бастаған. Алайда шыққан шығынның белгілі бір мөлшерін қайтаруға құзырлы органдар құлық танытпай отыр. Бір өкініштісі, бұл келеңсіздік басқа шаруашылықтарға тән болып шықты.

Бақтыгүл Үбішова, құс фабрикасының өкілі:

- Фабриканы жабамыз деген, себебі кеткен шығындардың барлығы пайда әкелмейді, өзіндік құнын жаппайды, алатын жемдеріміз қымбат, өзіндік бағамен сату қиын, рынокта Ресей, ақтөбе облысынан жұмыртқа сатушылар көп, біздің өнім өтпейді.

Құс фабрикаларының  даулап жүргені инвестициялық субсидия. Яғни шаруашылықтар өндіріске салған қаржысының бір бөлігін мемлекет кері қайтаруы керек болатын. Алайда ауыл  шаруашылығы министрлігінің былтыр шыққан бұйрығы бойынша субсидия алуға ниет білдірген кәсіпкерлік нысан өтініш берместен екі жыл бұрын құрылған болуы керек. Яғни субсидия тек су жаңа құрылғылармен жабдықталған шаруашалықтарға ғана тиесілі көрінеді. 

Қайрат Нұрлыбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының  басшысы:

- Бір бөлігі төленген ол субсидияның. Қалған екінші бөлігі субсидия талаптарына сәйкес келмегендіктен кері қайтарылған. Ал екінші фабрика мәселесі бойынша олардың субсидия талпатырына сәйкес келмеу себебі, өндіріс толықтай механикаландырылмаған. 

Биылдан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі салаға субсидия төлеудің жаңа жобасын енгізді. Енді мемлекет төлейтін өтем ақылар электронды жүйеде жүреді. Ол үшін «Қолдау.кз» сайтына кіріп тіркелсеңіз болды. Шаруалар кеңсе жағаламай-ақ интернет арқылы өтініштерін бере алады. Және оның қай сатыда жүріп жатқанын бақылап отырады. Қазірдің өзінде жаңа жүйе бойныша субсидия алуға облыстан 200-ге жуық шаруашылық өтініш беріпті.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы