384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Қазақстанның ең үздік тауарлары» байқауының аймақтық кезеңі басталды

  • 130
  • UPD: 21:40, 11.07.2019

Осымен 13-рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі көрмеге қаладағы 70-тен аса отандық компания қатысып отыр.

«Үміткерлердің саны бұданда көп болуы мүмкін еді. Алайда  уақыттың тығыздығы мен өтетін орынның алдын ала белгілі болмауына байланысты көптеген компаниялар байқаудан шет қалды. Келесі жылдан бастап бұл шараны  екі күн емес апталық мерзімде өткізуді ұйғарып отырмыз»-дейді қалалық кәсіпкерлер палатасының басшылары.  Байқау жеңімпаздары үш аталым бойынша анықталады. Үздік шыққандары республикалық байқауға қатысады. Мамандар бұл шара отандық өндірушілерді халыққа кеңінен таныстырып,  қазақстандық нарықты жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға ықпал ететінін айтады. 

Нариман Әбілшайықов, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Қазіргі таңда Алматы қаласының жалпы ішкі өнімі 12 триллион теңгені  құрап отыр. Бұл дегеніміз республика деңгейінде бірден бес бөлігі. Ал енді салық мөлшерін санайтын болсақ республикалық деңгейде Алматы қаласы қазіргі таңда осы республикалық қазынаға түсетін қаржының 40 пайызын беріп отыр. Алматы қаласында қазіргі таңда 185 мыңнан астам кәсіпкер жұмыс жасауда. Осы 185 мың кәсіпорында  600 мыңнан астам азамат қызмет атқарып отыр.

Хабар 24 телеарнасы