389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да кәсіпкер қайың ағашынан көмір өндіріп жүр

  • 198
  • UPD: 21:49, 28.08.2019

Солтүстік қазақстандық кәсіпкер қайыңнан көмір өндіреді. Коституция мерекесі қарсаңында 1,5 мың тонна өнім алатын цехты іске қосқан іскер азамат мұнымен  тоқтап қалмақ емес.

2020 жылдың соңына дейін орман және ағаш өңдеудің коммерциялық әрі экологиялық кластерін құруды мақсат тұтып отыр. Бірнеше кезеңге жоспарланған жоба құны 340 миллион теңгеден асып жығылады. 

Қызыл кілем, ұлттық киім киген қыздар, шашуға дайын тұрған әжелер. Цехтың ашылуы алдындағы соңғы дайындық. Тойдың болғанынан боладысы қызық деген осы. Ал бұл жандар аталған нысан алда нағыз шаң-тозаңның ордасына айналарын білмесе керек. Сондықтан тазалыққа баса мән беруде.

- Зови всех сюда. Кому я должен интервью давать? 

Бірі сұхбат беруге әзірленсе, енді бірі жұмысшыларды сапқа тұрғызып әлек. Көптен күткен сәтте жетіп, кәсіпорынның таспасы салтанатты түрде қиылды.

солтүстік Қазақстан – аққайыңдар өлкесі. Сондықтан одан көмір алуға шикізат қоры жеткілікті.

- В топку поступают пиролизные газы, которые воспламеняются здесь. И сами себя греют. 

Виталий Алексеев Рсейден арнайы келген маман. Ол жаңадан ашылған кәсіпорында жұмысшыларға көмір дайындаудың қыр-сырын үйретеді. Өйткені қондырғылар көршілес елден әкелінген.

Виталий Алексеев,  қондырғыларды орнатушы маман /Ресей/:

- Көмір мына пештерде дайындалады. Технологиясы да қарайпым. Алғашқыда ағаш арнайы бөшкеде кептіріледі. Кейін қыздырылады. Ол 10-12 сағаттан кейін мынадай өнімге айналады. Ал оның қызуы қарам көмірден артық болмаса кем емес.  

7,5 текше метр қайыңнан экологиялық таза 1,5 тонна көмір шығады. Ал ол үшін пештің оты күндіз-түні сөнбеуі керек. Жаңа өндіріс ошағы ашылысымен тағы 20 адам жұмысқа орналасты.

Сермұхамет Ахмутдинов, кәсіпкер:

- Шығаратын көмір «Таукен –темір» деген зауытқа барады. Неге десеңіз? Біздің металлургия соны пайдаланады. Анау кремнийдің ішіне біздің сол көмір кіру керек, құрамына. Бізщ соған жіберіп жатырмыз. Алла жазса олармен мемарандум жасадық. 

Елімізде ағаш материалдарын Қазақстаннан шығаруға уақытша шектеу қойылды. Осы салада тынбай еңбек етіп жүрген кәсіпкер Сермұхамет Оралұлы мұны дұрыс шешім деп қабылдайды. «Өйткені бірінші кезекте ішті нарықты қамтамасыз етуіміз қажет» дейді ол. 

Сермұхамет Ахмутдинов, кәсіпкер:

- Біздің өзіміздің шығарып жатқан ағаш өнімдері өзімізге ғана жетіп тұр ғой. Оны бір жаққа экспорттау керек емес. Жәй да аз орманды біз бытыратып жіберетін жіберуге хақымыз жоқ. Ертең ұрпаққа, елге қалатын ағаш болу керек.

Өңірде болашақта орман және ағаш өңдеудің коммерциялық әрі экологиялық кластері құрылмақ. Сондықтан кәсіпкер алда қылқан жапырақты көшеттер өсірумен айналыспақшы. Ол үшін жылыжай кешенін тұрғызуда.  

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Жобаның соңғы кезеңі сәтін салса, келесі жылы жүзеге асырылатын болады. Ол мына тұрған жылыжай. Яғни кесілетін қайың ағаштарының орнына мұнда шырша, қарағай ағаштары егіледі деп жоспарланған.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы