389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үш жыл қатарынан шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге тыйым салынады

  • 333
  • UPD: 15:29, 02.09.2019

Елімізде үш жыл қатарынан шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге тыйым салынады.

Талап 2020 жылдың басында күшіне енеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осылай деді. Сондай-ақ жаңа ашылған бизнес нысандарды үш жылға дейін салық төлеуден босату туралы заң жобасы әзірленуі тиіс. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Тиімді шағын және орта бизнес қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыс береді. Жұмыссыздықты азайтады. Салық базасын құрап, сондай-ақ жаппай кәсіпкерлікті дамыту ісінде санаға сіңген масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді.

Бұдан бөлек келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіндігін де еске салды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қазақстан халқына жолдауы кезінде жерді сату мәселесіне де тоқталды.

«Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», – деді ол.

Мұның алдында ҚР Президенті қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі жеткенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру қажеттігін айтты.

Елімізде браконьерлерге қатысты заң қатаңдатылады. Президент елімізде браконьерлердің тамыры тереңге жайылғанын атап өтіп, Үкіметке 2 ай ішінде тиісті заң жобасын күшейтуді жүктеді.

Мемлекет басшысы жолдауының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы