389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолдау қазақ-армян сауда байланысын дамытуға серпін береді – А.Халатян

  • 159
  • UPD: 15:24, 05.09.2019
Жолдау қазақ-армян сауда байланысын дамытуға серпін береді – А.Халатян

Келешекке стратегиялық көзқарас және бүкіл салаларды жаңғыртуға таңдалған бағыт - бұл Қазақстан мен Арменияны біріктіретін факторлар.

Белгілі саясаттанушы Айк Халатян Қазақстан президенітінің жолдауын талдап, осындай пікірге келді. Ол еліміздің саяси жүйені дамыту үлгісін бірегей деп атап, билік пен қоғам арасында диалогты күшейтуге арналған бағыттың маңыхзын ерекше атап өтті. Сондай-ақ сарапшының пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген міндеттердің басты мақсаты экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, осының арқасында еліміздің бәсекелестікке қабілетін арттыру болып тұр.  

Айк Халатян, саяси шолушы:

- Біз Қазақстанмен бірге ортақ әскери-саяси және экономикалық одақтамыз. Сол себептен әріптестеріміздің мықты әрі бай болғаны Арменияға да тиімді. Бұл елдер арасында сауда-саттықты дамытудың қосымша бір тетігі болмақ.

Хабар 24 телеарнасы