387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Shell компаниясы мұнай кенішіндегі жобадан бас тартты

  • 206
  • UPD: 22:52, 21.10.2019

NCOC консорциумы Қаламқас теңіз кен орнын игеру жоспарынан бас тартатынын мәлімдеді.

Компания табыстың төмен болуына байланысты Қазақстандағы жобаларын тоқтатқан. Бұл ретте Shell компаниясы да еліміздегі Хазар кен орнында жұмысын жалғастырмайтынын жеткізді. Жобадағы оның үлесі 55 процент. Ал Энергетика министрлігі алдағы уақытта жаңа инвесторлар тауып, жұмыстар жалғасатынын айтады. Сондай-ақ жобаға құйылған 900 миллион АҚШ доллары оларға қайтарылмайды. Екі жақты келісім солай болған.

Мұрат Жүребеков, энергетика вице-министрі:

- Мемлекет бұл жерлерді өз иелігіне алғаннан кейін жаңа инвесторларға конкурс жариялайды. Жаңа инвестормен ағымдағы салыққа орай келісім-шарт жасалатын болады. Бұл экономикалық тұрғыда мемлекет үшін пайдалы.

Хабар 24 телеарнасы