388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-Қытай сауда тартысы елордада өтетін ДСҰ кездесуінің мәнін ерекше етпек

  • 127
  • UPD: 22:03, 02.11.2019

Осы аптада сауда қарым-қатынасын реттеумен айналысатын халықаралық топтардың қызығушылығын тудыратын екі маңызды жаңалық болды.

Олардың бірі біздің елімізге тікелей қатысты. Өйткені Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-министрлер конференциясы келесі жылы маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді. Ал Қазақстан үкіметі мен бұл халықаралық ұйым арасындағы тиісті келісімге Женевада қол қойылды. Сонымен қоса бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ пен Қытай өкілдері даулы сұрақтар бойынша жартылай келісімге келгенін де хабарлады. Сарапшылардың пікірінше, бұл екі мемлекет арасындағы сауда соғысын тоқтататын бітімге айналуы тиіс. Бұл ретте Дүниежүзілік сауда ұйымының елордада өтетін кездесуінің мәні ерекшелене түспек. Дүниежүзілік банкте жұмыс істейтін Нидерландтың бұрынғы сыртқы істер министрі эксклюзивті сұхбатында сауда келісімдері бойынша уағдаластыққа қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті. 

Берт Кендерс, Нидерланд бұрынғы сыртқы істер министрі:

- Бізге көп жақты ынтымақтастық және сауда жүйесін нығайту керек. Дүниежүзілік сауда ұйымын бірлесе реформалау арқылы өзгерістерге қол жеткізе аламыз. Сауда соғысы ешкімге жеңіс әкелмейді. Ол не американдық, не Қытай жұмысшыларының мүддесін қорғамайды. Сауда-саттықтың әділ шарттары мен зияткерлік меншік секілді түйткілдер бойынша жұмысты жалғастыру керек.

Хабар 24 телеарнасы