387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өңірлер бюджеті бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығымен толығады

  • 146
  • UPD: 15:31, 06.11.2019
Өңірлер бюджеті бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығымен толығады

Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы енді толық көлемде жергілікті бюджетке түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа заңнамаға сәйкес түзетулер жаңа жылдан бастап күшіне енеді. Бүгін жергілікті бюджеттерге шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын беруді ескеретін заң жобасын Парламент Мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжіліс төрағасы корпоративтік табыс салығынан түскен қаражат аймақ тынысына серпін беріп қана қоймай, шағын кәсіпкерліктің дамуына да жол ашуға тиіс екенін атап өтті. Талқылау соңында Нұрлан Нығматулин бүгінгі айтылған барлық ұсыныс-пікірлер екінші оқылымға дейін жан-жақты пысықталу керектігін тапсырды.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Шын мәнінде корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджетке беру туралы шешім өте орынды және өте қажет. Енді жергілікті атқарушы органдар түсетін барлық қаржыны халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсауы керек. Қаражат түсті екен деп оңды-солды бағдарламалар ойлап таппай, қаражаттың әрбір азаматтың игілігіне тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алу керек.

Хабар 24 телеарнасы