384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жаңа аграрлық индустриалды аймақ құрылады

  • 225
  • UPD: 14:08, 12.11.2019

Жаңа технологиялар, инвестициялық мүмкіндіктер мен сауда ынтымақтастығының болашағы. Бұл Шымкентте өтіп жатқан Орталық Азия сауда форумындағы негізгі тақырыптар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрбек Байбосын, тілші:

– Форум барысында қала әкімі Ерлан Айтахановтың мәлімдемесі осындағы журналистерді таңқалдырғаны анық. Шаһар басшысы ең әуелі бағасы шарықтаған аграрлық өнімдерге тосқауыл болатындығын айтты.

Ол үшін қала аумағында қарқынды бау бақшаны көбейтіп, жылыжайларды көбейту керектігін алға тартты. Осы мақсатта 169 гектар аумақта инфрақұрылым жүзеге асырылмақ. Бұған Түркістан облысы да көмекке келмек. Сондай-ақ жаңа аграрлық индустриалды аймақ құрылатын болады. Бұл туралы форумда Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының басшысы Әбілсейіт Рабаевтан білдік. Ол шетелдіктерге аграрлық аймақтың қалай жүзеге асырылатындығын түсіндірді. Қазір түрлі тақырыптарда пленаралық отырыстар өтуде. Орталық Азия елдері мен шет мемлекеттен келген қатысушылар өзара тәжірибе алмасуда. Түстен кейін форум аясында шеберлік сабақтары өтетін болады. Ал ертең жиынға қатысушылар Халықаралық мамандандырылған ауылшаруашылық көрмесіне қатысады.

Хабар 24 телеарнасы