423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендегі өндіріс орындары ақпараттық технологияны жетік меңгерген мамандарға зәру

  • 784
  • UPD: 18:08, 08.12.2019

Бұл тығырықтан шығу үшін өзіндік оқу орталықтарын ашып амалдай бастады. Бұл жобаның шығыны көп болғанмен, білікті маман болашақта салынған қаражатты  ақтайды деген сенімде олар.

Бұл Өскемендегі ең ірі инженергингтік компания. Машина құрастыру, инфрақұрылым,энергетика,металлургия, тау-кен өндірісі сынды салмақты салаларға қажетті  заманауи құрал-тетіктерді жасайды. Сондықтан  сандық технологияны мықты меңгерген мамандарға қашан да қуанышты.

Зоя Новолодская, инжинирингтік компанияның даму бойынша директоры:

- Біздің компания үздіксіз дамуда.Сол себепті білікті мамандар үнемі керек,өкінішке орай жоғарғы оқу орындары қазіргі заман талабынан шығып үлгермей жатыр.Ақпараттық технология бойынша жұмыс істейтін жұмысшылар жоқтың қасы. Осыған орай тура өз ішімізден IT орталық ашуымызға тура келді. Әрине бұл өте қымбат жоба, бірақ компаниямыздың болашағын білімді  қызметкерлермен қамту бәрінен маңызды деп ойлаймын.

Жарты жыл бұрын ашылған оқыту орталығында осы күнге дейін 230-дан астам адам оқып шықты. Ең танымал деген 8 өндірушінің замануи әрі мықты құралдары орналасқан. Жастар солармен жұмыс істеп, сандық технологияның қыр-сырын меңгеріп, біліктілігін арттыра алады.

Әділ Аманов, компания жұмысшысы:

- Автоматты құралда адами фактор азаяды.Оқыс жағдайларда  жүйе өз жұмысын өздігінен реттей алады. Мен үшін бұл өз тауарларымыздың сапасын арттырып, тұтынушылардың сеніміне кіруі үшін үлкен роль атқарады. Сондықтан  осы жердегі оқу орталығында автоматизация  бойынша  білімімді жетілдіріп алдым.

Алпауыт зауыт болсын, шағын цех болсын қолға кілт алып қай жерден ақау шықты деп шарқ ұрып жүретін заман артта қалды.Автоматты құралды түсініп, оны басқара алатын  оператор әр өнеркәсіпке  ауадай қажет дейді оқытушылар.

Александра Федорова, оқыту орталығының жетекші маманы:

- Біз жақында үлкен бір алтын өндіру фабрикасын толық автоматты құралдармен қамтып шықтық. Яғни ол жерге де сол құралдармен жұмыс істей алатын  заманауи жұмысшылар керек деген сөз. Жалпы бүгінгі күні  бір  құрылғының  қақпағын ашу үшін немесе  сорғыны іске қосу үшін өндіріс ішінде сабылу артық. Осының барлығын бір тетікті басып қана атқаруға болады.

Интеллекуталды әлеуеті мықты маман тапшылығын жою мақсатында өлкеде  бос  жұмыс орындары жәрмеңкесі де жиі өтеді.Мәселен мемлекеттік техникалық университет қабырғасындағы мына шараға  100-ге тарта кәсіпорын қатысып, сұраныстағы кадрлармен таныстырды.

- Геодезисты, землеустроители, то есть нас интересуют именно как раз специалисты, которые здесь обучаются.

Бұл жердегі кейбір зауыттарға бір демде  60-тан астам түйіндеме түсті. Алайда олардың ішінде талаптан дөп шығатыны кемде-кем. Айта кету керек, аймақта жоғарғы технологиялы өндіріс пен инженерлік техникалық бағытта жалпы 700-ден астам кадр тапшы.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы