411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық тауар өндірушілер тағы бір жеңілдікке ие болады

  • 307
  • UPD: 22:55, 25.02.2020

Үкімет кәсіпті ұлғайтуға алынған несиенің проценттік үстемесін субсидияламақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастаманы Сауда және интеграция министрлігі ұсынып отыр. Тіпті оны алдағы бес жылға арналған сауда саясатын дамыту бвағдарламасына енгізуді жоспарлап қойған. Бүгін Сенат төрағасы Дариға Назарбаева мемлекеттік органдар және бизнес қауымдастық өкілдерімен кездескен болатын. Жаңағы ақпарат сол жиында айтылды. Басқосуда сауда-саттықтағы біраз түйткіл қаралды. Айталық, сауда орындарының тапшылығы сөз болды. Қазақстанда ол Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен салыстығанда екі жарым есе аз екен. «Бұл сауданың қарқынына, әсіресе, отандық тауарлардың сатылымына кері әсерін тигізіп келеді», - дейді мамандар.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Елімізде сауда орындандарын жалға алу ақысы қымбат. Екіншіден, сауда орындары отандық өндірушілерге қолдау танытуға құлықсыз. Яғни, барлығына бірдей жағдай жасауға тырыспайды. Дәл осындай мазмұндағы мәселелер өте жиі көтеріліп жүр. Енді оның анық-қанығына көз жеткізіп, шешілуіне мұрындық болу үшін біз бүгін бас қосып отырмыз.

Азамат Асқарұлы, ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары:

- Бізде жабайы сауда кеңінен дамыған. Яғни, барлық өндіруші базарларға ағылады. Енді біртіндеп оның заманауи үлгілерін қолға алу керек. Бұл жерде барлық кінәні сауда желілеріне аудара салуға болмайды. Егер барлық өңірде тиісті нысандар салынып, қажетті жағдайлар жасалса салаға тың серпін келер еді. Бәсекелестік пайда болады. Бәсекелестік бар жерде баға да төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы