427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк: валюта айырбасына мораторий жариялау туралы ақпарат жалған

  • 478
  • UPD: 13:40, 10.03.2020
Ұлттық банк: валюта айырбасына мораторий жариялау туралы ақпарат жалған

Қазақстан қор биржасындағы АҚШ долларының бағамы 393 теңге 50 тиынды құрады.

Бірақ әзірге ол ресми бекітілмеген. Бүгін өз жұмысын күндізгі сағат 10:15-те бастаған отандық биржа «доллардың ресми курсы тек түскі сағат үште нақтыланады», деді. Жалпы 6 наурыз күні биржадағы доллардың құны 382 теңгемен шектелсе, ол төрт күнде 12 теңгеге өсті.

«Бұған әлемдегі Brent маркалы мұнай барелліне деген сұраныстың 30%-ке төмендеуі себеп», дейді сарапшылар. Нарықта қалыптасқан жағдайға байланысты Ұлттық банк елімізде кез келген шетел валютасын айырбастауды шектеу туралы мораторий жөніндегі ақпаратты растаған жоқ. Жалпы биржа ашылағалы бері Франкфурт аукцион жобасы бойынша теңге-доллар жұбы бойынша 318 миллионнан астам АҚШ доллары саудаға түсті.

Хабар 24 телеарнасы