425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Карантин: АКС шеңберіндегі операциялар бойынша шектеулер уақыты ұзартылды

  • 748
  • UPD: 18:51, 03.04.2020
Карантин: АКС шеңберіндегі операциялар бойынша шектеулер уақыты ұзартылды

Ұлттық банк ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберіндегі операциялар бойынша шектеулер кезеңін 2020 жылғы сәуірге дейін ұзартқанын хабарлады.  

Тұрақты қолжетімді операцияларды, оның ішінде «Қазақстан қор биржасы» АҚ-та жүргізілетін валюталық свопты және РЕПО-ны, депозиттерді тартуды және қолма-қол шетел валютасымен операцияларды Ұлттық Банк Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13:00-ге дейін жүргізетін болады.   

Ашық нарық операциялары, оның ішінде қысқа мерзімді ноттарды орналастыру бойынша аукцион және депозиттік аукцион әдеттегі режимде жүзеге асырылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы