432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық үшін 5,9 трлн теңге бөлінеді

  • 403
  • UPD: 18:54, 07.05.2020
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық үшін 5,9 трлн теңге бөлінеді

Елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін бөлінетін 5 трлн 900 млрд теңгенің жартысынан астамы, яғни 3 трлн 400 млрд теңгесі республикалық бюджеттен жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалған 2,5 трлн теңге бюджеттен тыс қаражат. Материалдық демеу бірінші кезекте жұмысбастылық деңгейін өсіруге, тұрғын үй құрылысына, әлеуметтік төлемдерге, табысынан айырылған азаматтарға жәрдемақы төлеуге және салықтық кірістер шығынын өтеуге бағытталады.

Мәселен, «Жұмыспен қамту» жол картасын қаржыландыруға 1 трлн теңге қарастырылған. Оның 300 млрд теңгесі ел қазынасынан шығады. Бюджеттен тыс 700 млрд теңгені қоса есептеген қаржыға инфрақұрылымдық жобалар қолға алынып, 255 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін 5 трлн 900 млрд бөлінді

3 трлн 400 млрд теңге республикалық бюджеттен

2 трлн 500 млрд теңге бюджеттен тыс қаражат

Жұмыспен қамту жол картасына 1 трлн теңге қарастырылған

300 млрд теңге республикалық бюджеттен

700 млрд теңге бюджеттен тыс қаражат

Хабар 24 телеарнасы