429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Доллар құны 400 теңгеден төмендеді

  • 355
  • UPD: 15:12, 03.06.2020
Доллар құны 400 теңгеден төмендеді

Қазақстан қор нарығында АҚШ долларының құны арзандады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін таңертеңгілік сауда қорытындысынан кейін бір доллар 396 теңге 77 тиынға тұрақтады. Осылайша америкалық валюта кешегі күнмен салыстырғанда 5 теңге 50 тиынға арзандады. Ал Алматыдағы жекеменшік ақша айырбастау пункттерінде доллар 398 бен 401 теңгенің арасында саудалануда. Мамандар доллар құнының арзандауын шетелдің көптеген мемлекетінде коронавирусқа қатысты карантиннің жеңілдеуімен және әлемдік нарықтағы мұнай бағасының қымбаттауымен байланыстырып отыр. 

Хабар 24 телеарнасы