417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бизнесті қолдау мәселелері талқыланды

  • 196
  • UPD: 22:13, 18.06.2020
Бизнесті қолдау мәселелері талқыланды

Бүгін Президент жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында бизнесті қолдау мәселелері талқыланды. Оның ішінде жаңа экономикалық бағытты қалыптастыру тәсілдері қаралды. Өңірлердегі кәсіпкерлерден келіп түскен ұсыныстарды жүйелеу туралы сөз болды. Бизнесті қолдау бағыты 41 іс-шараны қамтиды. Оның ішінде сатып алу, агро-техника лизингі, несиелерді қайта қаржыландыру, тауарларды экспортқа шығару мен рәсімдерді оңтайландыру тетіктері бар. Экономиканы индустрияландыру, инвестиция тарту, шикізаттық емес экспортты ұлғайту, сапалы цифрландыру, инфрақұрылым, адами капиталды дамыту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағыттарына басымдық беріледі.

 

Хабар 24 телеарнасы