418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бәйтерек» холдингі қаржыландырған отандық кәсіпорындар өнімдерін шет елдерге экспорттамақ

  • 234
  • UPD: 22:39, 22.06.2020

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінен қаржылай қолдау алған отандық кәсіпорындар өз өнімдерін әлемнің 15 мемлекетіне экспорттауға мүмкіндік алды.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру әлі жалғасып келеді. Басты талап - кәсіпорын өндіріске инновациялық үдерістерді енгізіп, әрі экспортқа бағдарлануы тиіс. «Қазақэкспорт» тарапынан қолдауға ие болған Орал трансформатор зауыты да өз өнімінің 90 процентін ТМД елдеріне экспорттауға көшті.  

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі қазақстандық экспорт кәсіпорындарын «Қазақстанның Даму банкі» мен «Қазақэкспорт» арқылы қолдап келеді. Қаржылай қолдауды шикізаттық емес болып табылатын экспорттаушылар ала алады. Тек жыл басынан бері еліміздің 20 шақты кәсіпорнына қолдау көрсетілді. Карантин кезінде арыздарды қабылдап өңдеу онлайн тәсілімен жүргізілді.

Әлия Мұрзағалиева, ҰБХ АҚ департамент директоры:

- Біздер экспорттық кредиттеу және алдын ала кредиттеу бойынша көмек көрсетеміз. Егер жеке сандарға келетін болсақ біз осы кезге дейін Қазақстанның экспортаушыларына 465 миллиард теңге көлемінде яғни экспорттық кредиттеуді бере алдық. Екінші бізде көмек көрсетіп жатқан «Қазақэкспорт» еншілес қоғамы. «Қазақэкспорт» бойынша біз сақтандырудың 14 түрін қолданамыз экспорттаушыларға.

«Alageum Electric» компаниясының құрамындағы Орал трансформатор зауыты 5 жыл бұрын іске қосылды. Қазір мұнда үш ауысымда 350 адам еңбек етеді. Жоғары кернеулі күштік трансформаторлар Ресей, Армения, Грузия секілді мемлекеттерге экспортталады.

Ақжол Сауранбаев, трансформатор зауытының басқарушы директоры:

- Біз «Бәйтерек» холдингінің еншілес кәсіпорны «Қазақэкспорт» АҚ-мен тығыз әріптестік қарым-қатынаста жұмыс істеп келеміз. Атап айтқанда бізге ол компания тарапынан алдын ала қаржылай көмек экспорт бойынша қолдау бар. Биыл жыл соңына дейін өндіріс көлемін 10 мың дана трансформаторға дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Орал трансфоматор зауытында кешікпей панелді радиаторлар жасайтын жаңа желі іске қосылады.

Қазір зауыт «Қазақэкспорттың» сатып алушының төлемеу тәуекелін сақтандыруды пайдаланады. Биыл сақтандыру лимитінің көлемі 80 миллион Ресей рубліне жетіп отыр.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов

Хабар 24 телеарнасы