417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көлеңкелі экономиканың жолын кесу керек – Үкімет басшысы

  • 147
  • UPD: 16:01, 30.06.2020
Көлеңкелі экономиканың жолын кесу керек – Үкімет басшысы

Бюджет кірісін арттыру үшін көлеңкелі экономиканың жолын кесу керек.

2025 жылға дейін көлеңкелі экономика үлесі 20 проценттен төмендеуі тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Асқар Мамин айтты. Мысалы 2017 жылы 27 процент болса, былтыр 23 процентке дейін азайған. Нәтижесінде бюджетке 1,5 трлн теңге түскен. Үкімет басшысы қолма-қол ақшасыз айналымның үлесін арттыруды тапсырды. Былтыр оның үлесі 2,4 есеге артқан. Сондай-ақ валюталық экспорт-импорттың заңсыз операцияларын жою қажеттігін айтты. Бұл жұмысқа «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы да атсалысуы қажет. Бизнес көлеңкеден шығуы үшін, экономикалық ынталандыру жұмыстары тоқтамауы тиіс деді Асқар Мамин.

Хабар 24 телеарнасы