423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда бір ай ішінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,8% төмендеді

  • 259
  • UPD: 10:06, 06.08.2020
Қазақстанда бір ай ішінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,8% төмендеді

Биылғы шілде айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 33,7 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,7% көп, деп хабарлады finprom.kz.

Дегенмен алдыңғы аймен салыстырғанда шілдеде ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,8% төмендеген. Айта кетсек, шілде айында тауарлар мен қызметтердің бағасы бір жыл ішінде 7,1% және бір айда 0,3% өсті.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында азық-түлік тауарларының бағасы 18,5 мың теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер 15,2 мың теңгені құрады.

«Өңірлер бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында жоғары – 39,8 мың теңге. Нұр-Сұлтанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 39,3 мың теңгені құрайды. Алматыда күнкөріс минимумының мөлшері 36,5 мың теңгеге жетті. ТОП-5 өңірге Шығыс Қазақстан (34,3 мың теңге) және Алматы (33,6 мың теңге) облыстары кіреді», - делінген хабарламада.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі Жамбыл облысында 30,3 мың теңгені, Батыс Қазақстанда 30,4 мың теңгені және Ақтөбе облысында 30,8 мың теңгені құрады.

Хабар 24 телеарнасы