420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея Қазақстанға 9 тоннадай гуманитарлық көмек жібереді

  • 161
  • UPD: 21:25, 17.08.2020

Оңтүстік Корея Қазақстанға көмек бермек, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бүгін Сеулден Алматыға гуманитарлық көмектің алғашқы легі жіберілді. Осылайша коронавируспен екі ел тізе қосып күреспек.

Кореядан Қазақстанға жіберілетін гуманитарлық жүк алдымен Сеулдегі елшілігімізге келеді. Мұнда көмек жіберушілерді Қазақстан елшісінің өзі қарсы алады. Дипломаттар компанияның әр өкілімен келіссөздер жүргізіп, оларды марапаттайды. Алғыс хаттар алғандардың бірі – Зияткерлік білім беру институтының басшысы. Профессор Джо Гю Юн Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы дәрістер оқыды.

Джо Гю Юн, Зияткерлік білім беру институтының президенті:

– Біз жеке мекеме болғандықтан, гуманитарлық көмек жіберуді ұйымдастыру оңай болған жоқ. Біз көптеген ұйымдармен және фармацевтикалық компаниялармен байланыс орнаттық. Коронавирустан адам әлсірейді, сондықтан көмекке витаминдер мен қоректік заттар кіреді. Сіздердің коронавирусты жеңгендеріңізді қалаймын және мен Қазақстанға барып, студенттермен кездесемін.

Келіссөздер барысында фармацевтикалық фирма өкілдері Қазақстанда бірлескен өндіріс орнын ашу мәселелерін талқылады. Алпыс жылдық тарихы бар компания балаларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер шығарады.

Чон Дже Гван, фармацевтикалық компания президенті:

– Біз Қазақстанда балаларға арналған вирусқа қарсы препараттардың жетіспеушілігі бар деп естідік, сондықтан көмектесу туралы шешім қабылдадық. Гуманитарлық көмектің ішінде біз шығаратын сироп бар.

Оңтүстік Кореядан Қазақстанға індеттен қорғайтын жүздеген костюм және бірнеше тонна медициналық құралдар, бетперде және дәрі-дәрмек жіберіледі. Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі тоғыз тоннаға жуық. Осындай жүкті Қазақстанға жіберу үшін бірнеше рейс қажет.  

Қазақстандық авиакомпанияның Сеул мен Алматы арасындағы рейстерінің саны аптасына бір рейске азайтылды. Қазір Кореядағы елшілігіміз авиакомпаниялармен гуманитарлық жүктерді жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізуде. Ал бүгін Қазақстанға салмағы екі жарым тонна дәрі-дәрмектер пен қорғаныс құралдары жіберілді.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы