426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 23,2% өсті – ИИДМ

  • 184
  • UPD: 10:48, 19.08.2020
Фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 23,2% өсті – ИИДМ

2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 23,2% өсті.

Өсім «Dolce-Pharm» ЖШС-де шығарылатын өнім көлемінің 67% артуымен байланысты, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде аталмыш фармацевтикалық компания медициналық бетперделердің ірі өндірушілерінің бірі болып табылады. «Dolce-Pharm» тоқылмаған материалдардан түрлі бетперде шығарады. ⠀

Мысалы, көмір сүзгісі бар қорғаныш маскаларда талшықты белсендірілген көмірден тұратын бірегей сүзгі материалы қолданылады. Бұл сүзгі материалының технологиялық ерекшелігі 99,5% таза көміртекті қамтиды және зиянды бөлшектерді сіңіре алады. Мұндай материалдың бір грамы 200 мг зиянды заттарды ұстауға қабілетті. Көмір сүзгісі бар бетперделер сүзгіш элемент арқылы зиянды бөлшектер, молекулалар мен вирустардың енуіне жол бермейді. Сүзу тиімділігі тіпті 0,01 мкм 99,9% дейін. Көмір маскасының әдеттегіден айырмашылығы адамды 4 сағат бойы қорғайды және тыныс алу оңай. Сонымен қатар өндіріс ошағы 3 қабаттан тұратын бір реттік бетперделер және Fish-Type бетперде респираторларын шығарады.

Айта кету керек, бүгінгі таңда медициналық бетперделер өндірісінің көлемі тәулігіне 1,2 млн дананы құрайды, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен жабады. Жыл соңына дейін фармацевтикалық компаниялар аталмыш көрсеткішті тәулігіне 1,5 млн данаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар 7 айдың қорытындысы бойынша «Химфарм» АҚ-да оң нәтижелерге қол жеткізілді, өндіріс көлемі 9% өсті. «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу ұлғайтылды. Қазіргі уақытта зауыт антибиотиктердің стерильді ұнтақтары, ампуладағы инъекциялық ерітінділер, инфузиялық ерітінділер, таблеткалар, капсулалар, сашадағы ұнтақтар, сироптар түрінде генерик дәрі-дәрмектерінің 113-тен астам түрін шығарады. Өндірістік процестің барлық кезеңдері тестілеуден өтеді және микробиологиялық тазалыққа сертификатталады. Өнімнің сапасы қазіргі заманауи жабдықтармен жабдықталған компанияның зертханасында бақыланады.

Хабар 24 телеарнасы