428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азат Перуашев: Қазақстан-Өзбекстан алыс-берісі тең болуы керек

  • 151
  • UPD: 15:22, 23.09.2020
Азат Перуашев: Қазақстан-Өзбекстан алыс-берісі тең болуы керек фото: akzhol.kz

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 96 жергілікті тауар түріне акциздік салық енгізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салық көлемі тауар құнының 5-тен 50%-ке дейінгі бөлігін құрайды. Осылайша, өзбек тарапы Қазақстанда жасалған дайын өнімге баж салығын енгізіп, ауыл шаруашылығы шикізатына жеңілдіктер ұсынады. Кейін көрші елде өндірілген дайын өнім Қазақстанның өзіне экспортталады.

«Қызығы сол, Қазақстан шекарасында Өзбекстанның тауарларына ешқандай кедендік баж салығы енгізілмеген», - дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев. «Ақ жол» фракциясының жетекшісі қос тарапқа қатысты жағдайды тең етуге шақырды.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әрине, өзбек халқы Құдай қосқан дос көршіміз. Бірақ Алаш арысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, қазақ жерінде өндірілген бір уыс жүн сол елдің азаматтарының үстінде тоқыма болып киілу керек. Яғни, басқалардан кейін қалып тарих жолында тезек теріп қалмауымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы