427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин: Автомобиль жасау Қазақстан экономикасы дамуының драйверіне айналды

  • 62
  • UPD: 22:45, 15.10.2020

Отандық машина құрастыратын тағы бір зауыт ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министр Асқар Мамин Алматы қаласындағы кореялық жеңіл автомобильдер өндірісінің ашылу салтанатына қатысты.

Телекөпір форматында өткен жиынға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Корея Республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Мо қатысты.

Жаңа зауыт әлемдік автомобиль жасаудың заманауи технологиялары мен экологиялық стандарттар талаптарын ескере отырып салынған. Кәсіпорын бірінші кезеңде жылына 30 мың, екінші кезеңде 45 мың көлік құрастырады. Инвестициялардың жалпы көлемі 28 млрд теңгеден асады. Бұл орайда мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Қазіргі таңда автомобиль жасау қарқынды дамып, Қазақстан экономикасы дамуының драйверіне айналды. 9 айдың нәтижесі бойынша 50%-тен астам өсім тіркеліп отыр. Жалпы автомобиль жасаудың дамуы көптеген аралас салалардың өсуіне зор мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар бұл сала тұрақты сапалы жұмыс орындарын құрды. Осы ретте Үкімет тарапынан отандық машина жасау дамытуға, әсіресе, автомобиль жасау секторына зор көңіл бөлінуде.

Алдағы уақытта қосалқы бөлшектер шығаратын зауыт ашу көзделген, оған қолданылатын өнім көлемінің 51%-і отандық болады деген жоспар бар. Жаңа кәсіпорынның өнімдері ТМД елдеріне экспортталады.

Бекнұр Несіпбаев, зауыттың бас директоры:

- Бұл зауытта қазіргі кезде 350-ге дейін маман жұмыс істейді. Және 700-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Осы зауытта шығарылған автомобильдер тек қана Қазақстанда сатылмай, одан басқа ТМД елдеріне экспортқа жіберіледі.

Үкімет басшысы жұмыс сапары аясында Алматы қаласындағы №2 Жылу электр орталығын аралап, онда электр станциясын жаңғырту және оны газға ауыстыру тұжырымдамасымен танысты. Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде отандық экологиялық туризмді дамыту жобаларын пысықтады. Сонымен қатар үлкен Алматы айналма жолының және қаланың басқа да көлік және тұрғын үй құрылысы жұмыстарын көрді.

Авторы: Мирлан Алтынбек

 

Хабар 24 телеарнасы