423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Dolce Pharm» компаниясы дамудың жаңа белесіне көтерілді

  • 245
  • UPD: 22:54, 23.10.2020

Мемлекет басшысы «кәсіпкерлікті дамыту, ел экономикасын ілгерілетудің негізі» деп айқын мақсат қойғаны белгілі. Осы бағытта «DOLCE» фармацевтикалық компаниясы медициналық бұйымдар шығаратын қосымша өндіріс кешенін ашты.

Алматы облысында іске қосылған жаңа зауыттың өндірістік қуаттылығы 150 млн теңгені құрайды. Бұл ел экономикасын ғана емес халықтың медициналық өнімге деген қажеттілігін өтейді. Зауыттың салтанатты ашылу рәсіміне біздің тілшілер барып қайтқан еді. 

Қазақстандық нарықта 20 жылдан аса жұмыс істеп келе жатқан «DOLCE  PHARM» компаниясы қанатын кеңге жая түсті. Әлемде қауіпті індеттің екінші толқыны етек ала бастағанда медициналық бұйымдар өндіретін зауыттың өнімдеріне сұраныс артатыны айқын. Мұнда медициналық қолғаптар, хирургиялық және гинекологиялық жиынтықтар, сондай-ақ бетперденің 10-нан аса түрі мен бір реттік құралдар, қысқасы, медицина саласына қажетті көптеген бұйымдар өндіріледі.

Елена Ли, «Dolce» және «Dolce Pharm» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрайымы:

- Біздің зауыт барлық еуропалық және әлемдік стандартқа сай салынған.  Мұндай жоба тек ел экономикасын дамытып қана қоймай, халықтың денсаулығын жақсартуға өзіндік үлесін қосары анық. Өйткені зауытта хирургия, кардиохирургия, кардиография, гинекология, трансплантологияғаға арналған әртүрлі жиынтықтар  мен өте күрделі хирургиялық  емдер мен нейрохирургияға  арналған  күрделі жабдықтар шығады. Өндіріс орнының аумағы 3000 шаршы метрден асады. 

Елімізде өзіндік брендін қалыптастырған «DOLCE PHARM» компаниясы нарықты сапалы тауарлармен және қолжетімді бағамен қамтып қана қоймай, әлеуметтік сұранысты да қанағаттандыруда.

Маржан Омарова, кәсіпорын директоры:

-  Біз осы мекемені 400 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Қазіргі  кезде мына пандемияға байланысты ең актуальді зауыт болып саналып тұр бұл. Өйткені осы уақытқа дейін көп адамдар білмей келген. Қазіргі кезде бәрі танып біліп белгілі болып келе жатырмыз. 

«DOLCE PHARM» компаниясы мұнымен шектеліп қалғысы келмейді. Өндірістік-логистикалық орталық салу үшін «Инновациялық парк технологиясымен келісім шартқа отырды.

Авторлар: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы