425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенатта үш жылға арналған бюджет нақтыланып жатыр

  • 114
  • UPD: 12:36, 29.10.2020
Сенатта үш жылға арналған бюджет нақтыланып жатыр фото: neonomad.kz

Үш жылға арналған бюджет нақтыланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне материалдық қолдау көрсету және коронавирустың болуы мүмкін толқынына дайындалу үшін қосымша 238,7 млрд теңге бөлінуі мүмкін. Сенат «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау» туралы заңды қарап жатыр. Жоғарыда айтылған соманың 143 миллиарды денсаулық саласы қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу үшін жұмсалады. 11,7 млрд теңге ішкі істер қызметкерлеріне сыйақы ретінде беріледі. Экономиканың нақты секторын дамытуға және және күш құрылымдарын әлеуметтік қолдауға  261 млрд теңге көлемінде шығыстар жоспарланған. Осы қаражат есебінен өндірісті ынталандыру мен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту шаралары жүргізіледі. Нәтижесінде республикалық бюджетке түсім 12 трлн теңге болады. Тапшылық жалпы ішкі өнімге шаққанда 3,5% деңгейінде сақталады. Бюджет шығысының көлемі 14,5 трлн теңгені құрайды.

Хабар 24 телеарнасы