423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роман Скляр БҚО-дағы бірқатар индустриялық нысанды тексерді

  • 272
  • UPD: 14:08, 13.11.2020

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр әкім Ғали Есқалиевпен бірге Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының Жолдауының іске асырылу барысымен танысты.

Оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде стратегиялық және өнеркәсіптік мақсаттағы бірқатар объектілерді, салынып жатқан әлеуметтік нысандарды тексерді. Қажетті жұмыстардың сапалы орындалуын және уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктеді, деп хабарлады primeminister.kz.

Осылайша, Р.Скляр Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде жаңа шағын ауданның салыну барысын, сондай-ақ Теректі ауданының Тұқпай ауылындағы алты пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысын тексерді. Бұл объектілер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынуда, оларды биыл аяқтау жоспарланып отыр.

«Батыс су арнасы» ЖШС аралау барысында сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Облыс орталығында қосымша ұңғымаларды бұрғылау арқылы берілетін су көлемін ұлғайту жоспарлануда, бұл ретте апаттардың алдын алу мақсатында қысым мәліметтерін берілгіштер орнатылады.

Подстепное ауылында бұқаралық спортты дамыту барысы туралы баяндалды. Ауданы 1000 ш.м. дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы желтоқсан айында аяқталады. Облыс бойынша жалпы саны 26 ДШС кешенін салу жоспарланған. Бүгінгі таңда бюджет және жеке инвестиция есебінен 14 кешен салынды.

Үкіметтік делегация сонымен қатар «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Уральскагрореммаш» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ, «Кублей» ЖШС-інде болды. Сапар қорытындысы бойынша Роман Скляр өңір халқы үшін жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, облыс басшылығына олардың орындалуын пәрменді бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы