427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бизнеске арналған үкімет» платформасы мемлекет пен бизнестің іс-қимыл форматын іске қосты

  • 191
  • UPD: 14:37, 04.12.2020
«Бизнеске арналған үкімет» платформасы мемлекет пен бизнестің іс-қимыл форматын іске қосты

Елімізде шағын бизнеске қатысты 100 мыңға жуық тексеру жүргізілмейді. Бұл әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Себебі осы жылдың 1 қаңтарынан бастап, тексерулер жүргізуге үш жылдық мораторий қолданылады. Бұл туралы парламенттік тыңдауда Ұлттық экономика министрі айтты. Руслан Дәленовтың сөзінше, елімізде «бизнеске арналған үкімет» онлайн-платформасы негізінде мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа форматы іске қосылды. Өз бизнесін дамыту мәселелері бойынша қызметтердің барлық спектрін енді онлайн режимде пайдалануға мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы