419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентке екі жылда бір триллион теңге инвестиция салынды

  • 192
  • UPD: 18:44, 04.12.2020

Шымкент республикалық қала мәртебесін алғалы қалаға 1 трлн теңге инвестиция тартылған.

Екі жыл бұрын жергілікті өнеркәсіп өнімінің көлемі 319 млрд теңге болса, қазір 523 млрд теңгеге жетіп отыр. 1,3 млн астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Белсенді кәсіпкерлер үлесі 71 проценттен 88 процентке жетті. Қала бюджеті 131 млрд 200 млн теңгеден 455 млрд 400 млн теңгеге дейін артты. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов халық алдында есеп беру брифингі кезінде айтты. Сонымен қатар шаһар басшысы мегаполис мәртебесіне сай келетін жаңа халықаралық әуежай мен теміржол вокзалының құрылысы туралы да айтып қалды.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:

- 2019 жылдан бастап, инвестор арқылы СКАТ компаниясы өзі үлкен 35 мың шаршы метр болатын үлкен әуежай салып жатыр. Биыл бітіретін едік, өкінішке орай пандемия келіп, көп материалдық жабдықтар шетелден келетіндіктен сәл созылып кетті. Қазір жоба бойынша мұны Наурызға белгілеп отырмыз. Қала жоспары бойынша қаланың солтүстік бағытында бізге жаңа заманауи возкал салу керек. Сөйтіп темір жолды қаладан шығарып, Бозарық елді мекен жақтан отыратындай сол жақтан вокзал салу керек.

Хабар 24 телеарнасы