423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Самұрық-Қазына» 2021 жылға тәуекелдер картасын жасады

  • 139
  • UPD: 23:57, 22.12.2020

Індеттің таралуы, мұнай бағасының төмендеуі, валюталық ауытқулар. Биылғы жылдың сын-қатерлеріне қарамастан, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры бизнестің тұрақтылығын сақтай білді.

Бұл ретте тәуекелдерді басқару жүйесі өзінің тиімділігін дәлелдеген. Қордың биылғы таза табысы 400 миллиард теңгеден асады деп күтіліп отыр. «Самұрық-Қазына» 2020 жылы жалғыз акционеріне дивидент төлеуден рекорд жасады. Үкімет 120 миллиард көлеміндегі дивидентке ие болды. Бұл үш жыл бұрынғы көрсеткіштен 10 есе артық.

«Самұрық-Қазына» қоры биылғы сын-қатерлерді еңсеріп қана қоймай, жоспарлы көрсеткішті асыра орындады. Тәуекелдерді басқару бойынша жұмыс сәтті жүргізілді. Бұған «Қазақстан Темір Жолының» валюталық қарызы 2019 жылдың қарашасынан бері бір миллиард долларға жуық азайғаны дәлел.

Андрей Кравченко, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры:

– COVID-19-дың таралуы кезінде де, мұнай бағасы төмендеп, валюталық ауытқулар болған жағдайда бизнестің тұрақтылығын қамти алдық. Қордың таза табысы жоспарлы көрсеткіштен 1,5 есеге артатыны туралы мәлімдемені тағы да растаймын. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша таза табыс 400 миллиард теңгені құрады.

Жаһандық инвесторлардың дені геосаяси тәуекелдердің 2021 жылғы қаржылық тұрақтылыққа ықпалын тигізетінін айтады. Осы ретте қор 2021 жылға арналған тәуекелдер картасын әзірледі. 

Андрей Кравченко, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры:

– Пандемияның 2021 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін ұласуы болжамын ескердік. Одан кейін қатаң карантин шараларын босаңсыту әлемдік экономикамен бірге қордың портфельдік компанияларының рецессиядан шығуына оң әсерін тигізетінін есепке алдық. Коронавирусқа қатысты жағдай нарықты тағы жарты жыл бойы уысында ұстайтынын бізден бөлек әлемдегі ірі зейнетақы және тәуелсіз қорлардың тең жартысы біліп отыр. 

Айта кетейік, қор індеттің таралуы кезінде өз қызметкерлерінің санын қысқартпай, үздіксіз өндіріс пен жалақының төленуін қамтамасыз етті.

Хабар 24 телеарнасы