365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз «Junior Eurovision 2018» балалар ән сайысына алғаш рет қатысады

  • 472
  • UPD: 18:55, 01.08.2018

«Хабар» арнасы балалар арасында өтетін «Евровидение-2018» ән байқауын тікелей эфирде көрсетеді. Бұл халықаралық шараға Қазақстан алғаш рет қатысады.

Ел намысын қорғайтын әншінің аты-жөні әзірге белгісіз. Қазанның 8-іне дейін ұлттық іріктеу байқауы өтеді. Мамандар биылғы өнер жарысы алдыңғы жылдармен салыстырғанда қызықты өтеді деп болжайды. Себебі байқауға 19 мемлекет қатысатынын растады.

Еске салайық, биыл өнер додасы 25 қарашада Беларусь астанасы Минскте өтеді. Оған 9-14 жас аралығындағы жас әншілер қатысады.

 Алан Әжібаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

- «Евровидение-2018» балалар ән байқауының ұйымдастырушылары өздері әзірлеген бейнероликтер мен баспасөз хабарламаларында Қазақстанның қатысатынын ерекше атап өтті. Бізбен бірге бұл сайысқа алғаш рет Уэльс елі де қатысады. Сол себепті бұл жыл біздің агенттік және көрермендеріміз үшін тарихта қалатыныны сөзсіз.

Осы категория бойынша: « «Евровидение-2018» балалар байқауына еліміздің қатысатыны ерекше атап өтілді «Хабар» арнасы «Евровидение-2018» ән байқауын көрсетеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы