368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Минскіде Junior Eurovision 2018 байқауына дайындық қалай жүріп жатыр?

  • 125
  • UPD: 11:00, 19.09.2018

Сенбі күні Алматыда Junior Eurovision 2018 байқауына ұлттық іріктеудің ақтық кезеңі өтіп, алғаш рет осы сайыста еліміздің абыройын қорғайтын жас әншінің есімі белгілі болады.

Ал негізгі өнер додасы осымен екінші рет Беларусь астанасында өтеді. Минскте бұл шараға дайындық қалай жүріп жатқанын келесі сюжеттен білейік.

Минскте өтетін әнші балалар сайысына бір айдай уақыт қалған. Оған 15 мыңнан астам көрермен келеді деген болжам бар. Ал былтыр Грузияда өткен сайысқа 3 мың көрермен қатысқан. Біздің ел бұл сайысқа алғаш рет қатысады.

Даниэль Ястремский, Junior Eurovision 2018 сайысындағы Беларусь өкілі:

- Қазақстанда іріктеу әлі өтпегенін білемін. Бірақ мен керемет қыздарыңыз Данелия Тулешовамен таныспын. Онымен «Балалардың жаңа толқыны» сайысында таныстым. Қазір кейде әлеуметтік желілерде тілдесіп жүрміз. Оған үлкен табыс тілеймін, өте керемет дарынды қыз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыстың сахнасы қатысушылар мен қонақтарды таң-тамаша етір анық. Күрделі жобаның дизайнын жергілікті шеберлер дайындаған. Бұл іспен осыған дейін Еуропалық хабар таратушылар одағы айналысып келген еді. Екі алаңы бар күн жүйесі түрінде салынған. Бас подиумның диаметрі – 14 метр.

Сергей Андрианов, Junior Eurovision 2018 сайысының пиар-менеджері:

- Қазақстан осы сайысқа алғаш рет қатысады. Балалар және ересектер Eurovision-імен айналысып жүргеніме бірнеше жыл болды. Қазақстанның ұлттық хабар таратушысы сайысқа өз өкілін таңдауын кәсіби тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырған. Мұны тіпті әлеуметтік желілерден байқауға болады.

Балалар сайысы болғанымен, дайындығы іргелі шаралардан кем түспейді. Жарық беретін 2 мыңдай арнайы құрал орнатылады. Ересектер сайысы өткен Португалияда осындай екі жарым мың шам болған. Жалпы осы шараны ұйымдастыруға бір мыңнан аса адам жұмылдырылды. Биылғы сайысқа 20 елдің жас әншісі қатысады. Бұл осы өнер додасы тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Авторлары: Алексей Родионов, Константин Никаноров

Осы категория бойынша: « Павлодарлық жеткіншек «Junior Eurovision 2018-ге» еліміз атынан қатысудан үміткер «Junior Eurovision 2018» байқауында өнер көрсетуге үміткер – Данэлия Тулешова »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы