365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген дарынды балалар кім?

  • 271
  • UPD: 11:57, 22.09.2018

Алматыда «Балалар Евровидениесі 2018» байқауына іріктеу турының гала-концерті өтеді.

«Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бағы асқаны Минскіге аттанады. Осы тұста жастайынан әлемге танылып, еліміздің атақ-абыройын аспандатып жүрген бірқатар отандық дарындардың жұлдызды жолы туралы баяндайық.

Күллі әлем назар тіккен «I am singer» жобасы тума талант Димаш Құдайбергенді  дүниежүзіне танытты. Бүгінде қазақ баласы миллиардтаған халқы бар аспан асты елін ғана емес, әлем жұртшылығын ерекше дарынымен тәнті етті. Күміс көмей, жез таңдай әншінің бір ғана арманы бар. Ол – Қазақстанды, қазақ өнерін жер жаһанға жан-жақты насихаттау.

Димаштың ізін 10 жастағы Данэлия Тулешова басып келеді. Ол 10 жасында Украинаның ең танымал шоуында жеңімпаз атанды. «Голос. Дiти» ән байқауын қазақстандық дарынды қыз жеңісті қолдан бермей, жүзден жүйрік шықты.

Ал Небәрі 5 жасында жеке альбомын шығарған  Мария Мудряк әлемнің ең жас опера әншісі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ол 8 жасында Миланда консерваторияны тәмамдап, Италияның ең үздік жас әншісі атағына ие болды. Бүгінде жас талант әлемнің ең танымал опера театрларында өнер көрсетеді.

Рахат-Би ең алғашқы шығармасын 12 жасында жазып танымал болды. 13 жасында консерваторияның студенті атанды. Бүгінде ол симфониялық оркестрге және камералық ансамбльдерге арналған 100-ден аса туындылардың авторы. Ол елдегі «Дарын» мемлекеттік сыйлығының ең жас лауреаты.

Әрине, бұл таланттар мұндай жетістікке тынымсыз еңбектің арқасында жетті. Ал, мына жеткіншектер өнерге енді қадам басып жатыр. Junior Eurovision 2018 байқауына кімнің баратыны бүгін өтетін ұлттық іріктеу турынан соң белгілі болады.

Еске салсақ, бұл халықаралық шараға Қазақстан алғаш рет қатысады. Ән байқауы 25 қарашада Минск қаласында өтеді.

Осы категория бойынша: « Бүгін Junior Eurovision 2018 байқауының республикалық іріктеу финалы өтеді Junior Eurovision 2018. Ұлттық іріктеу финалистері дайындықтарын пысықтап жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы