389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гамбия басшысы елде 3 айға төтенше жағдай жариялады

  • 501
  • UPD: 11:05, 19.01.2017

Яйя Джамме бұл мәлімдемесін президенттік өкілеттігінің аяқталуына бір күн қалғанда жасады.

Мемлекет басшысы петициясы қарастырылып жатқанда, билікте вакуммды болдырмау үшін осындай қадамға барғанын айтып отыр.

Айта кеткен жөн, былтыр 1 желтоқсанда елде президенттік сайлау өткен болатын. Онда Яйе Джамме жеңіліс тапқан. Артынша мемлекет басшысы саяси шара қорытындысын мойындамайтынын айтып, биліктен кетуден бас тартқан. Сондай-ақ сайлау нәтижесін қайта қарастыруды талап етіп, сотқа петиция жолдады.

Яйя Джамме, Гамбия президенті:

- Мен, Гамбия ислам республикасының президенті әрі қарулы күштерінің бас қолбасшысы Яйя Джамме, билікте дағдарысты болдырмау үшін конституцияның 34-ші бөліміне сай бүкіл ел бойынша төтенше жағдай жариялаймын.

Хабар 24 телеарнасы