386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египет соты бұрынғы футболшы Мұхаммед Абутриканы лаңкестер тізіміне қосты

  • 395
  • UPD: 11:16, 19.01.2017

Биліктің пайымдауынша, ол елде қызметіне тыйым салынған «Мұсылман бауырлар» лаңкестік ұйымына қаржылай көмек көрсеткен.

Спортшының өзі мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Оның қорғаушысы сот шешіміне шағым түсіретінін жеткізді. Жалпы 2015 жылы қабылданған заңға сәйкес, есімі лаңкестер тізіміне енген азаматтарға саяхат жасауға тыйым салынады. Сондай-ақ төлқұжаты мен активтері тәркіленеді.

Айта кеткен жөн, кезінде Африканың ең табысты футболшысы болған Мұхаммед Абутрика 2013 жылы спорттық мансабын аяқтаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы