384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппин полицейлері есірткіге қарсы күрес кезінде 7500-нан астам адамды жер жастандырған

  • 856
  • UPD: 07:40, 02.02.2017

Филиппиндегі Дутерте билігі өткен жылдан бері есірткіге қарсы күресті мықтап қолға алды.

Осы аралықта 7,5 мыңнан астам адам полицейлердің қолынан қаза тапқан. Осы істерді тексерген халықаралық Amnesty International ұйымы Филиппин билігінің бұл әрекетін адамзат баласына қарсы жасалған қылмысқа жатқызуға болады деп мәлімдеді. Құық қорғаушылар жергілікті биліктің есірткімен күресіне неге мұндай баға беріп отырғаны туралы шетелдік шолушымыз айтсын.

Amnesty International ұйымы өз баяндамасын қараша мен желтоқсан айында жүргізілген зерттеулердің негізінде жасады. Оның барысында құқық қорғаушылар 59 өлімді тексеріп, арнайы операциялардың ұқсастығын анықтаған. Ал полицейлер міндетін атқару барысында әр өлтірген нашақор немесе есірткі тасымалдаушы үшін ақшалай ынталандырылып отырған.

Вилнор Папа, Amnesty International қызметкері:

- Бір полиция офицері бізге олар әр өлтірген нашақор үшін 8 мыңнан 15 мың песоға дейін ақша алатынын айтады. Бұл – тәртіп сақшылары үшін нағыз ынталандыру. Ал егер ешкімді өлтірмесе, олар қосымша ақы ала алмайды.

Бұл аз дегендей, құқық қорғаушылар билік пен белгісіз қарулы топтардың және полицейлер өлтірген адамдардың арасында байланыс бар екенін айтып отыр. Ал тәртіп сақшылары тіпті ақшалай сыйлық алу үшін өзгенің қызметін пайдаланған.

Вилнор Папа, Amnesty International қызметкері:

- Кейбір жалдамалы кісі өлтірушілердің айтуынша, олар бұған дейін айына бір немесе екі адамды өлтіруге тапсырыс алып келсе, енді аптасына 2-4 адамды өлтіретінін айтады. Ал мұндай өтініштер жергілікті полиция жеткешілерінен түседі дейді олар.

Баяндама Филиппин үкіметінің арнайы шараны уақытша тоқтату туралы шешімімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұны осындай бір операцияның барысында тәртіп сақшылары оңтүстіккореялық бизнесмен Чжи Ик Чжудың өлтірумен байланыстырып отыр. Осыдан кейін Ұлттық полиция басшысы арнайы құрылымды жемқорлық жайлаған деп, онымен күресуге шақырды.

Рональд Де Ла Роса Ұлттық полиция басшысы:

- Біз алдымен өз құрылымымызды тазартуымыз керек. Ұлттық полициядағы жемқорлықты жойғаннан кейін және ел президенті бұйырса ғана есірткі саудасына қарсы күресті қайта жалғастырамыз.

Бірақ президент Родриго Дутерте еш сынға қарамастан, оны бір айдың ішінде қайта бастауға уәде етіп отыр. Ал батыс елдері ел президенті адам құқықтарын бұзды деп жиі айыптауда. Өйткені қаза болған 7,5 мыңнан астам адамның көбі полицейлердің қолынан көз жұмған.

Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Әсем Хасенқызы

Хабар 24 телеарнасы